Спорт Қазақстан
$449.3 €489.69 ₽4.89
×

Биыл БҚО-дағы киік саны 140 мыңға жетуі мүмкін

AstanaTV
17.05.2018ж. 20:00
3450
Биыл БҚО-дағы киік саны 140 мыңға жетуі мүмкін

Батыс Қазақстанда киіктер саны көбейіп келеді. Биыл түз жануарлараның 80 пайызы төлдеген. Биыл олардың саны 140 мыңға жетуі мүмкін. Орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы өкілдерінің болжамы осылай. Жуырда бөкендерге әуе санағы жүргізілген. Нақты дерек шілденің соңында белгілі болмақ. Ендігі міндет - оларды қорғау. Киік саны көбейген сайын қаскөйлер де тыным берер емес. Жыл басынан бері 22 браконьер ұсталған. Олардың тек сегізі темір торға тоғытылды. 268 дана киік мүйізі тәркіленген. Мемлекетке келген шығын 200 миллион теңгеге жуықтайды. Бөкендерді бақылау үшін 24 жануарға электронды чип тағылған. Ол арқылы жануарлардың қозғалысы ұдайы бақыланады. 

Қайрат Қадешев, БҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысы:

Қарғы киіктің қай жерде жүргенін анықтайды. Мысалы, алты ауданда киіктің бәрін қорғау мүмкін емес. Қарғымен қай жерге барады, оперативті шаралар істегенде, осы жерде міне киік бар деп, сонымен бақылап группаны солай жұмсап отырамыз. Ресейге өтіп кететін болса, өзіміздің әріптестермен хабарласып, ақпарат алмасып отырамыз қорғау мақсатында.