$518.97 €607.3 ₽6.64
×

АХҚО-да "Шығыс" цифрлы экономика платформасы жұмыс істейді

AstanaTV
18.05.2018ж. 20:00
2132
АХҚО-да "Шығыс" цифрлы экономика платформасы жұмыс істейді

Қытай экономикасының қарқынды түрде дамуы әлемдік капиталдың шығыс Азияға қарай ойысуына себеп болады. Қаржыгер Қайрат Келімбетовтің пікірі осындай. Бұл туралы сарапшы Астана экономикалық форумы аясында өткен "Қаржының жаңа жағрапиясы" атты сессияда айтты. Келімбетовтің сөзін әлемдегі беделді экономистер де қолдап отыр.

Қайрат Келімбетов, АХҚО басқарушы директоры:

Қытай соңғы 40 жылда ашық экономикаға көшті. Оның рөлі жылдан жылға артып келеді. Гонконгте ғана емес, Шанхай мен Цынзяньде де қаржы орталықтары ашылғалы жатыр. Бұл әлеммен тығыз байланыс орнатуға деген қадам. Орталық Азияда  бірінші аялдама Қазақстан. Сондықтан Астана - қаржы орталығы ретінде маңызды рөл атқара алады.

"Waves Platform"-ның негізін қалаушы Александр Иванов Астана қаржы оталығында "Шығыс" платформасын ашатынын мәлімдеді. Айтуынша 2020-жылға қарай цифрлы экономикада 6 трлн доллар айналымда болады. Қаржы орталығында 23 судья жұмыс істейді. Олар Англия мен өзге де мемлекеттерден келген сот өкілдері. Арбитражға кез келген бизнес өкілі шағымдана алады. Қызмет құны қолжетімді болмақ. Төлемақы  пайызбен емес, бір реттік тәртіппен 1000 доллар көлемінде алынады.

Кристофер Кэмпбелл-Холт, АХҚО және халықаралық арбитраж орталығының сот регистраторы:

Біздің қазақстандық әріптестеріміз процестерді созбақтамай, дау-дамайды басқа соттарға жібермей бізге келуді қалайды. Бізде ең мықты судьялар болады, беделді арбитраж жұмыс істейді.