Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарын алға бастыруда мүмкіндіктері зор

AstanaTV
18.05.2018ж. 20:00
3215
Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарын алға бастыруда мүмкіндіктері зор

Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарын алға бастырудың мүмкіндіктері зор. «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі ұйымдастырған панелдік пікірталастың қатысушылары осылай деді. Астана экономикалық форумының аясында «Бәйтерек» холдингі, БҰҰ және бизнес өкілдері кәсіпкерлік секторын тұрақты дамыту мақсаттарын іске асырудың жолдарын талқылады.

«Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі Қазақстанда тұрақты даму мақсаттарын сәтті жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін салуда. Бұл аталған мақсаттар кедейлікті жою, білім алу мен денсаулық саласын жетілдіру, әйелдер құқықтары мен қоршаған ортаны қорғаудан бастап, тиімді мемлекеттік басқаруға дейінгі көптеген бағытты қамтиды. Осы саланы дамытқан елдер ғана тұрақты дами алады, - деді «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы. 

Айдар Әріпханов, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы:

Былтыр жаңартылған стратегия қабылдадық. Онда тұрақты даму мақсаттары жан-жақты қамтылған. Корпоративті басқару кодексінде де осы міндеттер көрсетілген. Қандай да бір инвестициялық жобаны қараған кезде ең алдымен тұрақты даму мақсаттарына сай келе ме деп қараймыз. Яғни экологиялық, әлеуметтік, экономикалық салаға зиянын тигізбеуін қадағалаймыз.

Тұрақты даму мақсаттарын алға бастыруда шағын және орта бизнестің рөлі өте жоғары. Және қазақ елінің бизнесі бұған дайын деп бағалады БҰҰ даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимаса Шимомура. 

Норимаса Шимомура, БҰҰ резидент координаторы және БҰҰДБ Қазақстандағы тұрақты өкілі:

Қазақстанның компаниялары тұрақты даму мақсаттарын жұмыс істетіп белсенділік танытуда. Мысалы, қайырымдылықпен айналысатын кәсіпорындар баршылық. Тағы бір байқағаным, Қазақстанда қайта өңделген тауар бизнесін өркендетуге мән берілуде. Суды үнемдеп қолданатын өндірістер көбейіп жатыр.

Филипп Йео, "ECONOMIC DEVELOPMENT INNOVATIONS SINGAPORE" төрағасы, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі:

Талантты ғылымдар мен инженерлерді көптеп дайындау керек. Олар өндірісті дамытады. Шағын және орта бизнеске қолдау білдіреді. Өндірістің зерттелуі мен техикалық кадрлар мүмкіндіктері артады. 

Бизнес және тұрақты даму жөніндегі комиссия жариялаған баяндамаға сай, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізілсе, 12 трлн долларға жуық нарықтық мүмкіндіктер құрылады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ