$509.51 €570.6 ₽6.3
×

Жер асты суынан зардап шеккен үйлерді арнайы құрылған комиссия тексереді

AstanaTV
18.05.2018ж. 20:00
1948
Жер асты суынан зардап шеккен үйлерді арнайы құрылған комиссия тексереді

Павлодарда жер асты суынан зардап шеккен үйлердің мәселесін арнайы құрылған комиссия тексереді. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше,  олар әрбір үйді аралап, қайсысына нақты жәрдем керектігін анықтамақ. Егер лай судың жайылуы төтенше жағдай деп танылса, тұрғындарға құқықтық көмек көрсетіледі деді. Шығын мөлшері де есептелмек. Судың құрамы тексеріліп, бітелген сору станциясын тазарту жоспарланған.

Қобланбек Қожин, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты:

Депутаттардың атынан бүгін техника бөлініп жатыр. Құм, қиыршық тас бөлінді. Бәрі жеткізіліп, нақты көмек көрсетіледі.+Жағдай жасалып жатыр. Сабырлық керек. Уақыт керек болады бұл мәселені шешу үшін.

Айнаш Сүтбаева, Павлодар қаласының тұрғыны:

Жер асты суы бәрібір келеді. Сондықтан, оның көзін іздеу керек. Қайдан келді?. Одан кейін геодезиялық тексеріс жүргізу керек. Топографиялық түсірілім жасалғаны дұрыс. Түйткілдің себебін анықтап барып, шешуге кіріскен жөн.

Павлодарда 200-ге жуық жер үй судан зардап шекті. Аумақтағы сору станциясының істен шығуы ахуалды ушықтырып жіберді. Жер асты суы бау-бақшаға жайылып, жертөлелерді толтырған. Тұрғындар соңғы жылдары баспаналарда тұру қиын екенін айтып шағымданды. Ауладағы лай судан жүріп-тұрудың өзі қиындағанын алдыңғы жаңалықтарымызда айтқан едік.