Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Батырхан Шүкеновтің орындауында бұған дейін көпшілікке жария болмаған әндері жарыққа шықпақ

AstanaTV
18.05.2018ж. 20:00
3546
Батырхан Шүкеновтің орындауында бұған дейін көпшілікке жария болмаған әндері жарыққа шықпақ

Бүгін әйгілі әнші Батырхан Шүкенов көзі тірі болса, 56-ға толар еді. Дегенмен әншінің туған жерінде еске алу шаралары өтті. Қала саябақтарының біріне музыканттың аты берілді. Сондай-ақ, сол саябаққа оның ескерткіші қойылды. Бұдан бөлек, Батырхан Шүкенов атындағы «Отан-Ана» республикалық конкурсы ашылды.

Биыл екінші рет өткізіліп отырған республикалық ән байқауы аясында жағымды жаңалық жария болды. Көпшіліктің сүйіктісіне айналған музыканттың орындауындағы әндер альбом болып топтастырылған. Бұл туындылар бұған дейін еш жерде шырқалмаған екен. Жинаққа 13 ән енгізілген, 20 мамыр күні көпшілікке таныстырылмақ. Алғашқы тиражы - 1000 дана.

Олжас Байқанов, Б.Шүкенов атындағы қордың құрылтайшысы:

Батыр екеуміз ойластырған бірнеше жобаларды жалғастыруға тырысып жатырмын. Әрине, Батырсыз өте қиын. Қазір жаңа әңдер жинағы дайын. Батырдың өмірі осындай істеріміз арқылы жалғасын табады деп ойлаймын.

Батырханның өнерге алғаш қадам басуына себепші болған "Оқушылар үйі. Бүгін оның ауласындағы саябаққа Батырхан Шүкеновтің аты берілді. Оның төрінен музыкадағы серігі болған "саксофоны бар Батыр" бейнесі де орын алды. Ал, «Отан-Ана» ән байқауына қатысушылар баққа бірінші болып ағаш отырғызып гүл екті. Ұйымдастырушылар бұл игі бастаманы келешекте дәстүрге айналдыруды көздеп отыр.

Ерік Төленов,  "Отан-Ана" ІІ республикалық ән байқауының бас жүлде иегері:

Батырхан Шүкенов ағамыздың ескерткіші қойылып жатыр, саябақ ашылып жатыр. Алла қаласа, көшелердің аттары да солай аталады деген ойдамыз. Бұл өте қуанышты. Бұл жерде менің енді бірінші рет гүл ектім, өзімнің тілегімді айтып, өзімнің жүрегімді салып. Мәңгілік солай қалады деп ойлаймын.

Ал екі жылды бір рет өткізілетін республикалық "Отан-Ана" ән байқауына биыл алғаш рет Өзбекстаннан қатысушылар келген. Байқаудың басы-қасында жүргендер өнерде шекара жоқ, сондықтан бұл байқау халықаралық деңгейде өткізуге лайық дейді.

Шарипа САҚТАПОВА