Өзбекстан халыққа білім беру министрлігінің хабарлауынша, Ташкент облысы
Бекабад қаласындағы №5 мектептің директоры, оның 5 орынбасары және бастауыш
сыныптарға сабақ беретін 2 мұғалім бір сәтте жұмыстан шығарылған. Қалалық білім
басқармасының меңгерушісіне қатаң сөгіс жарияланып, рухани тәрбие бөлімінің
меңгерушісі орнынан алынған. Неге?- дейсіз бе? Мұғалім бірінші сынып оқушыларының
маңдайына «2» деп таңба салған. Егер қоғам білмесе, адамды мансұқ етудің қылмыс
екенін ұқпайтын, шын мәнінде маңдай емес, жүректітілгілеген «суретші» мұғалім
әрі қарай да «сурет» салып жүре берер ме еді, маңдайларында «екісі» бар
балалардың суреттері интернетте тарамағанда. Сөйтіп жұрттың наразылығын
тудырған оқиғаны облыстық білім басқармасы зерттеген - 1 «ж» сыныбының
оқушылары болып шыққанын «Газета.uz» порталы жазды. Облыстық білім
басқармасының бастығы қорлық көрген балалардың ата-аналарымен кездесіп, кешірім
сұрапты. Құқықтық баға беру үшін тиісті органдарға хабарлама берілген. «Бояуы
сан қатпар Орталық Азия» дейтін сәт пе, білмеймін...