Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Самал Еслямова Канн кинофестивалінің жеңімпазы атанды

AstanaTV
21.05.2018ж. 20:00
2203
Самал Еслямова Канн кинофестивалінің жеңімпазы атанды

Канн кинофестивалінің жеңімпазы қызылжарлық Самал Еслямова – көп балалы отбасының кенжесі. Анасы қызының ән айтуға құмар болып өскенін айтады. Белгілі режиссер Сергей Дворцевойдың білім ордасында бақ сынаған Самал "Тюльпан" фильмінде басты рөлді сомдауға шақырту алады. Араға бірнеше жыл салып, режиссердың "Айка" атты екінші туындысында түскен. Онда Мәскеуге келген қырғыз қызды сомдайды. Түсіру жұмыстары 7 жылға созылған. Батыс киносыншылары қазақстандық актрисаның еңбегін жоғары бағалап, «Ең үздік әйел рөлі» аталымы бойынша марапаттады. 

«Тюльпан» фильміне 18 жасында шақыртылды. Алғашында жібергім келмеді. Бірақ, Сергей Дворцевой хабарласып, қызым үшін еш алаңдамауымды өтінді. Қызым әйгілі Канн байқауында жеңімпаз атанып отыр.Қуаныштымын.