"7-20-25" бағдарламасы бойынша баспаналар биылғы қыркүйек айынан беріле бастауы мүмкін. Бұл туралы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында білгілі болды. Мәжіліс депутаты Сапар Ахметовтың мәліметінше, тың бастама бағдарламаның жобасы толық дайын болған соң,беріледі деп жоспарланған. Қазір салынып біткен дайын пәтерлер де берілуі ықтимал. «Нұрлы жер» бағдарламасын жасақтаушылардың жоспарынша бұл құжат 15 жыл бойы жалғасады. Елдегі 1,5 миллион тұрғынға баспана салып беру жйын қарастырмақ.
Сапар Ахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
«7-20-25» бағдарламасында «Нұрлы жерге» тағы да қаражат бөлінді. 31,2 млрд теңге бөлінген болатын. Ол да сол инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Біз оны қарап, қолдадық. Ол жұмыс басталып кетті. Менің ойымша, ол сол қыркүйек айларында басталуы тиіс.
Депутаттар үй сатып алу бойынша мемлекеттік бағдарламаның талаптары ауыл тұрғындары үшін қолайсыз екенін айтқан. Бұл сауалға жауап берген Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев «Біз ауылдық жерлердегі тұрғын үйлерге қатысты жаңа бағдарлама әзірлеуіміз керекпіз деді. Оның сөзінше осы айда аталған құжатты әзірлеу аяқталады. Одан кейін келісуге жіберілуі мүмкін.
Жалпы
алғанда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қазір халыққа терілген ипотекалық
несиелер саны 42 мыңды құрайды. Бұл елде берілген жалпы несиенің 67 пайызына
тең. Бағдарлама аясында қаралған
мемлекеттік қаражат 153 миллиард теңге. Қазір бюджет есебінен салынған 25
мыңнан аса пәтер пайдалануға берілген. Ал, жалпы баспаналар құрылысы 11,2 млн
шаршы метрді құрайды.