Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

БҒМ ұлттық бірыңғай тестілеудің сұрақтарын мультимедиалық бағытта жетілдірмекші

AstanaTV
24.05.2018ж. 20:00
2329
БҒМ ұлттық бірыңғай тестілеудің сұрақтарын мультимедиалық бағытта жетілдірмекші

Білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеудің сұрақтарын мультимедиалық бағытта жетілдірмекші. Ол үшін және жалпы орта білім беруді жаңғыртуға Халықаралық қайта құру және даму банкінен 67 млн доллар қарыз алынады. Тиісті құжатты бүгін Сенат қабылдады.

Бибігүл Асылова, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары: 

Ұлттық бірыңғай тестілеудің қолда бар форматы қазір жұмыс істеп тұр. Онда 128 мың тест тапсырмасы бар. Қолданыстағы бағдарламалар негізінде жасалған. Ал қарыз аясында 230 мың жаңа тапсырма жасалады деп жоспарланып отыр. Жаңа тест сұрақтарында мультимедиялық және дыбыстық сүйемелдеулер болады.

Қарыз 17 жылға беріледі. Оның 5,5 жылы жеңілдетілген мерзім. Бұл келісімнің мақсаты - орта білім беру жүйесінің сапасын арттырып, жаңғырту, - деп атап өтті министрдің орынбасары. Сонымен қатар, мұғалімдерді даярлаудың жаңа моделі жасалмақ. Жобаға бөлінетін соманың 67 пайызы ауылдық жердегі 5400 орта мектепті интерактивті құрылғылармен жабдықтауға жұмсалмақ.