Негізгі / Жаңалықтар / Жыл сайын 300 тоннаға дейін тұрмыстық қалдықтар қайта өңдеуден өтуі тиіс

Жыл сайын 300 тоннаға дейін тұрмыстық қалдықтар қайта өңдеуден өтуі тиіс

Тұрмыстық қалдықтарды қайта өндеуден өткізу мәселесі аса маңызды. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясында өткен жиында айтылды. Бірлескен жұмыстың мақсаты - қоқысты қайта өңдеудегі кедергілерді жою. Өндіріс желілерінің қымбаттығы, қалдықтарды іріктеудегі қосымша шығындар, қаржының тапшылығы - бұл бағыттағы істі тежеп отыр. Бір тәуірі тұрмыстық қалдықтарды өндеу былтырғыға қарағанда жандана бастаған.

Дөңгелек үстел жұмысына партия өкілдері, депутаттар мен өзге де сарапшылар қатысты. Бейнебайланыс арқылы солтүстік, оңтүстік және орталық өңірлер де белсенді қосылып отырды. Жиын соңында  Кеңес тарапынан нақты ұсыныстар әзірленді. Олар Үкіметке жолданатын болады.

Фархад Қуанғанов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Мұның барлығы - бастапқы қадамдар. Алдағы уақытта экономиканың жаңа сегментін жасау мақсаты тұр. Қалдықтарды қайта өңдеу саласы тіпті инвестиция тартатындай болу керек. Яғни экономикалық тұрғыдан пайда әкелуге тисі.