Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Саяси менеджмент академиясының түлектері куәліктерін алды

AstanaTV
25.05.2018ж. 20:00
3801
Саяси менеджмент академиясының түлектері куәліктерін алды

Бүгін Саяси менеджмент академиясының алғашқы түлектері де оқуын тәмәмдады. Оларға "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірініші орынбасары Мәулен Әшімбаев куәліктерін табыс етті.  Партиялық білім беру жүйесі биылдан бастап Саяси менеджмент академиясы болып қайта құрылған. Бұл жөнінде ел президенті «Нұр Отан»  партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында тапсырма берген болатын. Яғни, партиялық білім беру ісін жетілдіріп, кадрлық резервті жандандыруға негізделген. Мәулен Әшімбаев партиялық кадрлардың заманауи саяси технологиялардың тың тәсілдерін үйренгені маңызды,-деді. Яғни бұл олардың кәсіби біліктілігін арттыруға оң ықпалын тигізеді.

Мәулен Әшімбаев, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Мемлекет басшысымен жаңа форматтағы партиялық кадрларды дайындау туралы тапсырма берілді. Біздің бұл істегі басты мақсатымыз - әкімшілік ресурстардың көмегімен емес, заманауи инновациялық технологиялар мен сапалы білімге арқа сүйеп жұмыс істейтін нұротандықтардың білімді, білікті, креативті, белсенді, кәсіби буынын қалыптастырып, партия жұмысының тиімділігін арттыру.

Академияға іріктеу қатаң тәртіпте жүргізілді.150-ден астам құжат тапсырылған. Байқау нәтижесінде «Саяси көшбасшылық» бағытына басшылық топтан 20 адам, «Саяси-партиялық менеджмент» бағыты бойынша орта топ өкілдерінен 30 адам іріктеліп алынды. Олар шет елдік және отандық мамандардан 1,5 айдай тәлім алды. Шетелдік лекторлардың қатарында Сингапур Ұлттық университеті жанындағы Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің жетекші профессорлары бар. Сондай-ақ Еуропалық саяси консультанттар қауымдастығының белгілі сарапшылары да болды.