Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Тhe Telegraph: Ұлыбритания Еуроодақтан шықпайды

AstanaTV
28.05.2018ж. 20:00
2593
Тhe Telegraph: Ұлыбритания Еуроодақтан шықпайды

Ұлыбритания Еуроодақта қалуы мүмкін. The Telegraph басылымы осылай деп хабарлады. Мақалаға келесі жылы Еуропарламентте өтетін сайлау тақырыбы арқау болған. Саяси шара 2019 жылдың 23-26 мамырына белгіленген. Ал Ұлыбритания 29 наурызда одақтан шығып кетуі тиіс. Алайда, сайлауға Британия үкіметінің қаржы бөліп қойғаны белгілі болды. Шамамен 1 млн еуро. Басылымның болжамынша, Еуропарламентте өтетін сайлауды қаржыландыру бұл елдің одақтан шықпайтынын білдіреді. Ал сайлау комиссиясының болжамы басқа. Оған сәйкес, қаражат сайлау Біріккен королдіктің аумағында өте қалса деген тұрғыда бөлінген сыңайлы. Еске салайық, Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу жайлы шешімі ресми Лондонға 64 млрд доллар көлемінде шығын әкелуі мүмкін.