Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ерекше балаларға ерекше күтім қажет- сарапшы

AstanaTV
28.05.2018ж. 20:00
4348
Ерекше балаларға ерекше күтім қажет- сарапшы

Ерекше балаларға ерекше күтім қажет. Астанада балалар арасындағы туа бітті сал ауруын емдейтін мамандар шетелдік дәрігерден дәріс алды. Германиядан арнайы келген реабилитолог сарапшы 20 күн бойы шеберлік сағаттарын өткізді. Яғни дүниеге келген күннен бастап ауыр сырқатпен күресіп келе жатқан бөбектерге күтім жасаудың түрлі тәсілдерін үйретті. Мүгедек балалар мұнда тиімді әдістермен емделеді.

Неміс маманы Уте Бродзиак-Мудраның бұл салада 53 жылдық тәжірибесі бар. Ол Германияның «Аға сарапшылар қызметі» деп аталатын ұйымының еріктісі. 82 жастағы маман «ерекше» балаларды оңалтуға белсене ат салысып жүр.

Уте Бродзиак-Мудра, дәрігер-реабилитолог, ерікті:

Бәлкім, бұл балалар бізді түсінбейтін шығар. Есесіне, біз оларды түсінуге міндеттіміз. Мұндай ерекше балалардың әрқайсысына ғана тән өзіндік тілі бар. Біз ол тілді меңгеріп, бүлдіршінге не қажет екенін білуге тиіспіз. 

Оқыту барысында мүмкіндігі шектеулі балаларға жасалатын физиотерапия, емдеу гимнастикасы да көрсетілді. Утенің сөзінше, ерекше балалардың күтімі де ерекше әдісті талап етеді. 3 аптада  ол 25 баламен жұмыс істеп  үлгерген.  Войта,  Бобат және өткізгіш терапиясы еріктінің негізгі әдістері болып табылады. Астанадағы мамандандырылған балалар үйі 100 орынға шақталған. Мұнда  қазір  60-тан астам сәби тәрбиеленіп жатыр, 40 пайызы ерекше күтімдегі балалар.

Арайлым Еркінова, Астана қаласы "Мамандандырылған балалар үйі" МКМ бас дәрігерінің орынбасары:

Біз германиялық сарапшы маманнан балалардың күнделікті күтімі жайлы көптеген пайдалы кеңестер алдық. Бұлар бір қарағанда қарапайым дүние болып көрінуі мүмкін. Алайда, бүлдіршіндердің денсаулығына оң әсер етеді.