Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қарағандыда бір топ адам ауызашарда уланып қалды

AstanaTV
28.05.2018ж. 20:00
2519
Қарағандыда бір топ адам ауызашарда уланып қалды

Қарағанды қаласында бір топ адам астан уланып қалды. Кешкісін ауызашарға барған олар тамақтан кейін өздерін нашар сезінген. Артынша, 20 адам бірден ауруханаға түскен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл деректі растады. Мекеменің баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, астан ұшынғандардың төртеуі - бала. 

Айжан Иса, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Әзірше жедел ішек инфекциясы диагнозы қойылды. Дегенмен лабораториялық сынамаларды тосып отырмыз, содан кейін нақты диагноз қойылады.