$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Өз қызын өлтірді деп айыпталған қостанайлық өмір бойына бас бостандығынан айрылды

AstanaTV
28.05.2018ж. 20:00
3178
Өз қызын өлтірді деп айыпталған қостанайлық өмір бойына бас бостандығынан айрылды

Қостанайда өз қызын пышақтап өлтірді деп айыпталған адам өмір бойына бас бостандығынан айрылды. Тергеу деректеріне сай, 44 жастағы тұрғын 17 наурыз күні туған қызын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болады. Жансақтау бөліміне түскен оны көп ұзамай полицейлер қамауға алған. Сергей Клепиков 15 жасар жеткіншекті не үшін өлтіргенін нақты түсіндіре алмады. 2004 жылы әйелін өлтіріп 15 жылға сотталған екен. Сол тұста қызын туыстары асырап алған. Шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан Клепиков қызымен қайта қауышып, әпкесінің үйінде бірге тұрған.

Жасұлан Асылбеков, облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

Қазақстан Респбуликасы Қылмыстық Кодексінің 99 бабы, 2 бөлімі 14 тармағымен Клепиков Сергейді кінәлі деп тауып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтесін.