$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Еліміздегі караоке-барларда қойылған әндерде авторлық құқық сақталмайды

AstanaTV
30.05.2018ж. 20:00
3232
Еліміздегі караоке-барларда қойылған әндерде авторлық құқық сақталмайды

Еліміздегі караоке-барларда және дәмханаларда қойылатын әндерде авторлық құқық сақталмайды. Соңғы кезде осыған қатысты арыз-шағым көбейген. Бұл туралы  «Атамекен» ұлттық палатасының өкілдері айтты. 

Гүлмира Молдағалиева, Астана қалалық кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы: 

Кәсіпкерлердің көбісі дәмхана, мейрамхана, караоке немесе шаштараз ашқанда, онда қойылатын музыка үшін ақы төлейтінін білмейді. Біз бұл ұйымдарға заңды түсіндіруді және лицензиялық келісімшарт бекітуді ұсынамыз. Кәсіпкерлер ақы төлеуден бас тартқан жағдайда ғана сотқа жүгінген жөн.

Соңғы бірнеше айда дәмханаларда рұқсатсыз ән қойған кәсіпкерлердің үстінен шағым түскен. Елордалық бизнес иелерінің бірі караоке-клубта шырқалған 8 ән үшін 5 772 000 теңге айыппұл арқалады. Елімізде авторлық құқықты қорғайтын заңды лицензиясы бар 9 ұйым жұмыс істейді. Қатысушылардың пікірінше, бұл 18 миллион халқы бар Қазақстан үшін тым көп. Мәселен, 150 миллион тұрғыны бар Ресейде авторлық құқықты қорғаушы 4 ұйым бар. Палата өкілдерінің айтуынша, еліміздегі мұндай ұйымдар авторлар мен композиторлардың құқығын қорғау емес, пайда табудың жолына түскен. Ал бизнес иелерінен алынған қаржының қайда жұмсалатыны белгісіз. Танымал отандық әнші кафе-барларда әндері орындалып жатқанымен, бір тиын алмадым дейді.

Қыдырәлі Болманов:

Караокенің өзіңде біздің бәленбай анау «АБК» кезіндегі «Тамшылардан» бастап  қазіргі «Айналайынға»  шейін,  мысалға, бізідң әндеріміз бар. Бірақ та біз олардан бір тиын алмаймыз.