Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Алматыда мүмкіндігі шектеулі жан "Нұр Отанның" көмегімен жаңа шеберханаға қол жеткізді

AstanaTV
30.05.2018ж. 20:00
2951
Алматыда мүмкіндігі шектеулі жан "Нұр Отанның" көмегімен жаңа шеберханаға қол жеткізді

Алматыда мүмкіндігі шектеулі суретші қыз жаңа шеберханаға қол жеткізді. Анар Әбжанова сәуір айының басында шахарға жұмыс сапарымен келген партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевқа өтініш жасаған. Өзіне жұмыс істейтін бір шағын орын  қажет екенін жеткізді. Ұзамай, партия көмегімен жеке шеберханаға ие болды. Арманы орындалған суретшінің болашақ жоспарлары қандай?  Олжас Нұржақып тарқатады. 

Бала күнінен бейнелеу өнеріне бейім Анардың қолынан 300-ге жуық туынды шыққан. Олардың бірқатары Қазақстан ғана емес Испания, Жапония, Франция, Италия сынды шет мемлекеттерге таралды. Тіпті жеке тапсырыс арқылы салдыратын адамдар көп,- дейді ол.

Анар Әбжанова, суретші:

Табиғаттың көркемдігі, Алматы мен Астана сынды қалаларымыздың әсемдігі маған шабыт береді. Салған суреттерімнен сол көріністерді көруге болады. Шығармашылық жолымды бастағалы 14 жылдан асты. Келер жылы кең көлемді кәсіби көрме өткізуді жоспарлап отырмын. Ол тікелей "Нұр Отан" партиясының қолдауымен өтпек.

Сол жоспарды жүзеге асыру жолында Анар  жеке шеберхана ашу үшін орын қажет екенін айтып, партиядан көмек  сұраған. Көп ұзамай лайықты орын да табылды. Енді шеберхана жақын күндері ашылмақ.

Қайыммұнар Тәбеев, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының бөлім меңгерушісі:

Қалалық филиал қазір бұл кісіге 2-3 ғимараттан кеңселер ұсынды. Соның ішінде Алматы политехникалық колледжінің ішіндегі шеберхана ол кісіге оңтайлы келіп отыр. Енді аз күннің ішінде өзінің шеберханасын ашады деп үміттеніп отырмыз. Басқа да қолөнерлік өзінің шығармашылық мүсіндері бар, суреттері бар. Соның барлығын көрмеге қою туралы өтініші бар. Оғанда көмектесеміз.

Анар Әбжанова бүгінде тек шығармашылықпен айналысып қана қоймай, өзі оқыған университетте сабақ береді. Тәжірибесімен бөліседі.

Төлеген Сүлейменов, әріптесі:

Оқып жүрген кезінде, сол кезде-ақ көзге көрініп, бүкіл дүниежүзін аралап, неше түрлі көрмелерге қатысып, ең биік жүлделерге ие болған. Өзінің тәжірибесін жастарға беремін деп, біздің академияға келді. Қазір міне 2 жылдай болды. Сабақ беріп жатыр. Өте жақсы.

Мүмкіндігі шектеулі өзге де жандарға партия тарапынан үнемі қолдау көрсетіліп келеді. Олардың жұмысқа дегена ынтасы, ерік-жігері мен ұмтылысы бей-жай қалдырмайды, дейді партия өкілдері. Биыл 3000-ға жуық адамға санаторийлерге жолдама әзірленді. Одан бөлек 2000-дай мүгедектің коммуналдық төлемдеріне жеңілдік жасалған. 

Олжас Нұржақып