Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

ҚКХП үгіт-насихат жұмысының алғашқы аптасын қорытындылады

AstanaTV
26.02.2016ж. 20:00
1441
ҚКХП үгіт-насихат жұмысының алғашқы аптасын қорытындылады

Коммунистер үгіт-насихат жұмысының алғашқы аптасын ойдағыдай қорытындылады. Оған қарағанда, Қазақстан коммунистік халықтық партиясының республикалық штабының жұмысы кестеге сай жүріп жатыр екен. Бұл туралы арнайы жиын барысында штаб жетекшісі Айқын Қоңыров мәлімдеді.

Қазір саяси ұйымның аймақтардағы бөлімшелерінің өкілдері де қызу жұмысқа кіріскен. Аудан-ауылдарды аралып, тұғырнаманы елге жан-жақты таныстыруда. Белсенділер құрамы әзірге 5 облыста болып, түрлі кәсіпорынды аралған. Онда коммунистік партия өкілдері еңбек ұжыммен кездесіп, өз бағыт-бағдарымен бөліскен. Заңға сай сайлауалды үгіт-насихат шараларына қатысты ресурстардың барлығы да пайдаланылып жатыр.

Айқын Қоңыров, ҚКХП республикалық сайлауалды штабының жетекшісі:

20 ақпаннан бастап арналардан біздің үгіт-насихат аясындағы бейнероликтерімізді тәулігіне 2 мәртеден көрсетілуде. Сондай-ақ ғаламтордың мүмкіндігін тиімді пайдаланып отырмыз. Сайтқа кіріп, партияның саяси бірлестігінің  жұмысымен толық танысуға болады.

Назгүл Мағжан, ҚКХП республикалық сайлауалды штабы баспасөз қызметінің жетекшісі:

Біздің жұмысымыз үгіт-насихат шараларының жобасы негізінде жүргізілуде. Барлығы да алдын-ала жоспарлағандай өтуде. Партиямыздың атынан үміткерлер еліміздің барлық аймақтарына барып, сайлаушылармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырады. 

Құралай ПИОНЕР