Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

ЖСДП алғашқы сайлауалды үгіт-насихат аптасын қорытындылады

AstanaTV
26.02.2016ж. 20:00
2208
ЖСДП алғашқы сайлауалды үгіт-насихат аптасын қорытындылады

ЖСДП партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының келесі кезеңіне көшеді. Бұған дейін партияның Астана мен Алматыдағы штабтарында сайлаушылармен кездесулер өткен еді. Онда партия белсенділері жұртты сайлауалды бағдарламасымен таныстырған. Енді үгіт-насихат жұмыстары облыстарда жалғасады.

Ал бүгін партияның Алматыдағы сайлауалды штабына баспаханадан үгіт-насихат парақшалары жеткізілді. Бұл парақшалар еліміздің барлық аймақтарына жіберілмек. Бүгіннен бастап бірнеше аудан-қалада партия белсенділері сайлаушылармен кездесулер өткізе бастайды. Бұдан бөлек, ЖСДП үгіт-насихат шаралары аясында пікірталастар өткізуді жоспарлап отыр.

Тазабек Сәмбетбай, ЖСДП Алматы қалалық филиалының төрағасы:

Жапсырылатын қағаздарымыз, сайлаушыларға таралатын үгіт-насихат тақырыбына негізделген құжаттарымызды таратып жеткізетін мақсатта жұмысты бастадық. Ол бүкіл Қазақстан аумақтарын қамтиды. Оның тиражы жоқ дегенде жарты миллион тираждың үстінде. Ол жерде біздің партияның ұсынатын бағдарламалары. Олардың басым көпшілігі адамдар көп шоғырланған аумақта, және жергілікті атқару органдарымен белгіленген таблоидтарға ілінеді.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ