$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодар өңірінің ауыл шаруашылығы саласында жемқорлық дерегі артып келеді

AstanaTV
01.06.2018ж. 20:00
3047
Павлодар өңірінің ауыл шаруашылығы саласында жемқорлық дерегі артып келеді

Павлодар өңірінде ауыл шаруашылығы саласындағы шенділдер арасында жемқорлық белең алған. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті берген ақпарға сәйкес, 25 қызметкер жауапқа тартылды. Істі болғандардың 13-і басшылық қызметте жұмыс істеген. Әсіресе, рұқсат беру қағаздарын рәсімдеуде заңбұзушылықтар көптеп кездеседі,-  дейді мамандар.

Денис Шакенов, ҚР СЖҚІҚ ұлттық бюросы Павлодар облыстық департаментінің басшысы:

Субсидияларды бөлу, ауыл шаруашылығы техникасын алу, жеңілдетілген жанар-жағармай үлестіру ісінде заң бұзушылықтар көп. Біз бұл салада көптеген жемқорлық фактілерін тіркедік. 

Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері жағымсыз үрдістің қалыптасқанын растап отыр. Салаға қомақты қаржының бөлінуі келеңсіздіктердің артуына әсер еткен сыңайлы. Жемқорлықтың алдын алу үшін қызмет түрлерін автоматтандыруға ден қойылған.

Марат Шұғаев, Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Біздің мамандар шаруа қожалықтарының мамандарымен, басшыларымен жолықпайды. Олар өтініштерін компьютермен береді. Компьютер - ол компьютер. Оны алдай алмайсың. Оған басқа бірдеңелер айта алмайсың. Ол барын бар, жоғын жоқ дейді.