Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Владимир Божко Мәжіліс депутаты атануы мүмкін

AstanaTV
26.02.2016ж. 20:00
1310
Владимир Божко Мәжіліс депутаты атануы мүмкін

Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды. Жалпы Ассамблея кеңесінің отырысында белгілі болғандай, үміткерлер саны 12 адам. Бірақ үш адам өз канидатурасын қайтарып алып, қазір тоғызы қалды. Олардың ішінде Парламент Мәжілісінің бесінші шақырылымының үш депутаты бар. Роман Ким, Ахмет Мурадов және Юрий Тимощенко. Сонымен қатар, «Егемен Қазақстан» газеті АҚ-ның президенті Сауытбек Әбдірахманов та тіркелді.

Еске салайық, Қазақстан халқы Ассамблеясы наурыздың 21-де кезекті сессиясын өткізіп, өз арасынан депуттар сайлайды. Парламенттің төменгі палатасында Ассамблеядан сайланған депутаттар үшін тоғыз орын қарастырылған.

Владимир Божко, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Мен үшін күтпеген жағдай. Бірақ бұл өте жауапты жұмыс. ҚХА атынан Парламентте отыру - мен үшін зор құрмет, бірақ оңай емес. Сенімдері үшін рахмет. Осынша салиқалы адамдар сенім білдіргенде, мұндай ұсыныстан бас тартуды реніш секілді қабылдауға болады. Ал менің тәрбием бұған жол бермейді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ