Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

ТМД байқаушылары Мәжіліс сайлауына дайындық барысын қадағалауға кірісті

AstanaTV
26.02.2016ж. 20:00
1185
ТМД байқаушылары Мәжіліс сайлауына дайындық барысын қадағалауға кірісті

Мәжіліс сайлауының дайындық барысын ТМД миссиясының 300-ге тарта байқаушысы қадағалайды. Бұл туралы ТМД байқаушылар миссиясы штабының жетекшісі Евгений Слобода мәлімдеді. Бүгіннен бастап миссия жұмысына кірісті.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов штаб жетекшісімен кездесіп, дайындық барысы туралы әңгімелесті. Достастық елдер атынан 100-ге жуық байқаушы аккредиттеуден өткен. Тағы 100 шақты адамның құжаты дайындалып жатқан көрінеді. Олар Қазақстанның барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларын қамтымақ. Миссия сайлау өткен күннің ертесіне баспасөз мәслихатын өткізеді. Ал қорытынды мәлімдемелерін наурыздың 22-де жарияламақ.

Евгений Слобода, ТМД байқаушылар миссиясы штабы жетекшісі:

Миссия құрамында Беларусь, Әзербайжан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан елдерінің, сонымен қатар Парламентаралық ассамблеяның, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы парламенттік ассамблеяларының өкілдері бар. Тек Украина жоқ. Бұл ешқандай құпия емес. Украина ТМД байқаушылары миссиясының ережесінен шықты. Оған әр мемлекеттің құқы бар. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ