$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Астанада сайлау науқанының тәртібін түсіндіру бойынша семинар өтті

AstanaTV
26.02.2016ж. 20:00
1776
Астанада сайлау науқанының тәртібін түсіндіру бойынша семинар өтті

Сайлауалды дайындық науқаны пысықталып жатыр. Астанада 25 сайлау округі мен 278 сайлау учаскесі бойынша жұмысқа тартылған ұйымдастырушы құрамға семинар өткізілді. Оларға сайлау барысында жүктелер міндеттер мен ережелер, сақталуы тиіс қағидаттар толыққанды түсіндірілді. Семинарға 1,5 мың адам қатысты.

Жалпы Астана қаласы бойынша сайлауды ұйымдастыруға 2149 мүшесі бар 307 сайлау комиссиясы тартылған. Орталық сайлау комиссиясының ақпарына қарағанда, мәслихат депутаттығына еліміз бойынша 10 825 адам үмітті болса, соның 121-і - Астана қалалық мәслихатына кандидаттар. Мұнда 1 орынға 5 адам таласпақ.

Марат Сәрсембаев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Осы адамдарды көбі - сайлауды ұйымдастырушы адамдар. Олардың көбі тәжірибелі. Сайлаудың не екенін біледі. Бірақ дегенмен осы науқанның алдында еске түсіріп, бір жағыннан, екінші - мына жаңалықтар, толықтырулар заңға енгізілген. Сол туралы сөйлессек дегенбіз.

Сондай-ақ, бүгін сайлау учаскелерінің қандай болуы тиіс екендігі де көрсетілді. Үлгіге сәйкес, төрде Қазақстанның Туы мен Елтаңбасы қойылған бұрыш, дауыс беру бөлмесі, ортада бюллетень жәшігі, тіркеу үстелі қойылған. Және бақылаушылар мен БАҚ өкілдеріне арналған орын болады.

Құралай ПИОНЕР