Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Президенттің 5 бастамасы орындалуы тиіс, орындалады. «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің отырысы.

AstanaTV
02.06.2018ж. 20:00
1737
Президенттің 5 бастамасы орындалуы тиіс, орындалады. «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің отырысы.

«...Маған сигнал түсті, еден жуушы болып жұмысқа тұру үшін пара беру керек. Басқа облыстарда жоқ, тек сіздерде»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев ОҚО әкімі Ж.Түймебаевқа. Цифрландыруды тездетіп іске асыруды айтқанда келтірген мысалы. «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеше өткен кеңейтілген отырысында. «Егер әсіресе, жер учаскелерін бөлуде, мектеп-емханаға жұмысқа алған кезде ашық жұмыс істеп, цифрландыруды енгізбесеңдер, көш соңында қаласыңдар» дегені бір облысқа ғана қатысты еместігі белгілі. Президент Оңтүстік Қазақстан облысында «кішкентай бала зорланды» деген іске байланысты да пікір білдірді. Істі жауып тастап отырған қаз-қатар тізілген туысқан бастықтар, дегенге келтірді.   

Отырыста «Нұр Отанның» жүйелі жаңғыруы, Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының іске асуын қоғамдық бақылауды ұйымдастыру қаралды.

"Нұр Отан"нақты істердің партиясы. Жаңғырту стратегиясының алғашқы қорытындылары пысықталған саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Президент осылай деді. Бүгінде партия идеологиялық бағыттағы міндеттерін іске асыру үшін 22 жаңа жобаны қолға алды. Енді партия жұмысы толықтай цифрлы форматқа көшеді. "Нұр Отан" мектептерде бір мыңдай тегін IT сыныптарын ашады. Жыл сайын онда 150 мың бала білім алады.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Екінші жоба IT- мамандарын даярлау. Сол арқылы IT-мамандардың ақпараттық технологиялық пулын жасақтаймыз. Қазақстанның IT-компаниялары мен аймақтық жоғары оқу орындарында 20 шақты IT- орталықтар ашылады. Осылайшы жылына 35 мың адамды оқыта аламыз.

Партияның тағы бір тың жобасы - ауыл оқушыларына ағылшын тілін үйрету үшін 500-дей волонтер елді-мекендерге барады. Мектеп асханаларындағы тағам сапасын да жақсартпақ,  нұр отандықтар. Кітапханалар да ескі форматтан құтылады.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Дәстүрлі кітапханалар жаңғыртылып, қызықты лекциялар мен тренингтер өткізілетін заманауи білім орталықтарына айналады. Ондай жұмыс алты аймақта жүргізіліп жатыр. Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, барлық кітап қорын электронды форматқа ауыстырып, онлайн-кітапхана жүйесін енгіземіз.

Партияның шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған жобалары да бір төбе. Кәсіпкерлер көбінесе жер телімдерін алуда ашық ақпараттың жоқтығына шағымданады. Жердің құжаттын рәсімдеу әдетте 150 күнге созылады. Қызылорда облысы бұл мерзімді 29 күнге дейін қысқартқан. Президент кәсіпкерлікті қолдау үшін онлайн-сервис жүйесін қосуды тапсырды. Сонда бизнестегілер бос жерлерге қатысты барлық ақпаратты ашық көріп отыра алады.

Нұрсұлтан Назарбаев,  Қазақстан Республикасының Президенті:

Мәселе тек қана іс адамдарына жер алып, жұмыс істеу емес, мәселе әр қайсы шендінің артынан жүреді. Ал, ол келгенін жақсы көреді, себебі бос келмейді.Барлық бәле сол жерде. Біреу бірдемеге рұқсат берсе, сол үшін бірдеме істеп бер деп отырады. Бұл жемқорлыққа қарсы күрестің негізігі мәселесі шенеунік пен іс адамының тікелей қатынасын ажырату керек.

Президент «Дипломмен ауылға» бағдарламасын тоқтатпауды міндеттеді. Жастардың ауылда жұмыс істеуге құлшынысын ояту үшін партия жағдай жасауы тиіс. 5 әлеуметтік бастамада көтерілген жатақхана құрылысына жазда студенттік жасақтарды тартуды ұсынды. Вице-премьер ЕрболатДосаевтың есебінше келесі жылы жатақханалардан жастарға 5 мың жаңа орын беріледі. Ал 2020 жылы 15 мың орын бұйырады. Депутаттық корпус бұл істі жандандыратын тиісті заң жобаларын қабылдауға асығып отыр.

Бақытгүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Елбасының 3 бастамасы 2020 жылға дейін 75 мың студентті жатаханамен қамту турасындағы бастамасы қазір ең бір күрделі мәселенің күрмеуі шешілгендей болып тұр. Ол за жобасы қабылданған жағдайда, қыркүйек айынан бастап 130 жоғары оқу орны мен 824 техникалық және кәсіптік білім орындары жатақхана құрылысын бастайды деген үмітіміз бар.

Мемлекет басшысы 7-20-25 тұрғын үй бағдарламасы аясында баспаналар оңды-солды тамыр-таныс арқылы таратылмасын деп қадап айтты. Мұқтаж жандар - жастар, мұғалімдер, дәрігерлер және мемлекеттік қызметкерлер қамтылуы тиіс. Ал банктер жаңа ипотекалық несиелерді бағдарлама шартымен шілде айынан бере бастамақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мы хотим, чтобы квартиры прежде всего получила молодежь, то есть те, у кого нет жилья. Мне говорят: тот у кого есть - хочет улучшить жилье. Но у него есть крыша над головой, пусть улучшает, развивает, зарабатывает и покупает, а это мы делаем для тех, у кого сегодня никакой квартиры нигде нет. Иначе мы сделаем программу спекулятивной.

Президент тұрғын үй мәселесіне тиісті көңіл бөліп, ұзын сонар кезек жайын болдырмауды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

У нас во всех городах, во всех районах существуют очереди. Кто-нибудь видел очереди на квартиры в Германии, Франции или в Америке? Это нонсенс рыночной экономики. Никаких очередей, потому что государство не даёт бесплатных квартир. Всем партийцам, всем акимам говорю: взять на контроль, нормально работать, не воровать, чтоб точно попало тем, кому действительно нужно.

Елбасы Оңтүстік Қазақстан облысында "бала зорланды" деген резонансты іске де  тоқталды. Істіңжылыжабылғанынсынады.

Нұрсұлтан Назарбаев,  Қазақстан Республикасының Президенті:

И какая волокита началась вокруг этого. И не могли никак никого найти, доказать. Знаете почему? Потому что везде в цепочке сидели родственники: полиция, вышестоящие органы, ещё выше тоже родственники. Все делали, чтобы замять это дело.

Осы облыста пара алудың шектен шыққанын көтерген, Мемлекет басшысы облыс басшыларына цифрландыру ісін тездетіп қолға алуды тапсырды. Бәрі ашық болса, жұмысқа тұру үшін еден жуушыға дейін пара беретін жағдай жойылады, деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ешқандай реніш болмау керек. Әсіресе жаңа өзің айтқан жұмысқа қабылдауда. Менде неше түрлі хабарлар бар. Мектепте еденді жууға қабылдау үшін пара беру керек. Мектепте мұғалім болу үшін де пара беру керек. Басқа облыста ондай жоқ. Тек сендерде бар. Басқа жерде ондай болса не болады?

Сонымен бірге Президент  тағы бір маңызды жоба - "Сарырарқа" газ құбырының құрылысын уақытында аяқтауды міндеттеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Астанада газ жүргізіледі. Жол бойында елдің біраз бөлігі де көгілдір отынға қол жеткізеді. Экология мен бизнестің жұмысыжақсарады. Шығын азайып, жақсы мультипликативтік экономикалық тиімділігі байқалады. Мұны біздің халық ешқашан армандап та көрмеген еді. 

5 әлеуметтік бастаманың әр бөлігі мен үшін аса қымбат, деді Президент. Сондықтан олар 100 пайыз орындалуы тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев атаған бастамаларды тиісті деңгейде орындау "Нұр Отан" партиясы мен үкіметтің және барлық деңгейдегі әкімдердің мойнындағы міндет екенін тағы ескертті. Ал кертартпа еріншектерді жалқаулықты қойып, жұмыс істеуге шақырды. Кейін олар өздері ұялатын болады, деді Президент.

Айгүл Әдепбай, Алмас Жұлыбаев "Біздің уақыт".