Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Сарапшылар: Аймақтағы күрмеулі мәселелер сайлауалды бағдарламада көрініс табуы тиіс

AstanaTV
26.02.2016ж. 20:00
1166
Сарапшылар: Аймақтағы күрмеулі мәселелер сайлауалды бағдарламада көрініс табуы тиіс

«Өңірлердегі түйткілді мәселелер сайлауалды бағдарламада көрініс табуы тиіс». Сарапшылардың пайымы осы. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Өскеменде сарапшылар форумын өткізді. Жетекші сарапшылар, саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері жиналып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын сөз етті. Әсіресе өңірдің экологиялық проблемалары, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы мәселелер жиі көтерілді. «Сайлау қарсаңында мәслихат депутаттығына үміткерлер осыған назар аударса», - дейді жиналғандар.

Мәдина Нұрғалиева, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты өкілдігінің жетекшісі:

Мәслихат депутаттығына үміткерлердің белсенділік танытуы қуантады. Бұл ретте тиісті ақпараттарды жинау маңыздырақ. Өйткені біз орталықта отырып тек бақылаймыз. Ал қазір мәселені толыққанды зерттеуге мүмкіндік туып тұр. Меніңше, ішкі мәселелерді жергілікті сарапшылардан артық білетін ешкім жоқ.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ