$489.36 €533.45 ₽4.99
×

ОҚО бала ұрлады деген күдікке ілінген әйел екі айға қамалды

AstanaTV
26.02.2016ж. 20:00
1880
ОҚО бала ұрлады деген күдікке ілінген әйел екі айға қамалды

Оңтүстік Қазақстан облысында 6 жастағы Мұхаммед Қамшыбекті ұрлады деген күдікке ілінген азаматша екі айға қамауға алынды. 1956 жылы туған әйел, тергеп-тексеру амалдары аяқталғанша, Шымкенттегі тергеу изоляторында отырады. Бұл туралы Ордабасы аудандық сотының судьясы айтты.

Алтай Қалықұл, ОҚО Ордабасы аудандық сотының тергеу судьясы:

Аталған азаматша жасады деп келтірілген күдігі ауыр сипаттағы қылмыстық іске жататындығы, сонымен қатар оның жасағаны қоғамға қауіпті болғандықтан, сонымен қатар оның әрекеті кәмелет жасына толмаған жасөспірімге қатысты болғандықтан, екі ай мерзімге санкция берілді.

Судья Алтай Қалықұлдың айтуынша, «Адам ұрлау» бабы бойынша бұлтартпау шарасы тағайындалып, қамауға алынған күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Арыс қаласының тұрғыны 2013 жылы Нұрай есімді бүлдіршінді де ұрлағанын мойындаған.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ