Негізгі / Жаңалықтар / Гватемалада қаралы күн жарияланды

Гватемалада қаралы күн жарияланды

Гватемалада Фуэго жанартауының атқылауынан 25 адам қаза тапты. 300-дей адам зардап шеккен. Рейтерстің хабарлауынша, қайғылы оқиғаға орай елде үш күндік қаралы күн жарияланды.

Бұл соңғы жылдары болған ең жойқын апат деп танылып отыр. Жанартау атқылаған аумақта халықтың 10 пайызы зиян шегіп отыр. Күлдің биіктігі 10 шақырымға көтерілген. Ол сағатына 40 километр жылдамдықпен жан-жаққа тарап жатыр. Ұлттық "Аурора" әуежайы жабылды. Фуэго жанартауы Антигуа қаласына жақын жерде Гватемаланың Тынық мұхиты жағасына дейін созылған жанартаулар тізбегінде орналасқан. Ол елдегі ең белсенді жанартаулардың бірі. 

Джимми Моралес, Гватемала президенті:

Қаза тапқандар мен із-түссіз жоғалғандар тізімі нақтыланып жатыр. Қазір төтенше жағдай енгізу қажет пе, жоқ па, соны шешетін боламыз. 3 мыңдай адам қауіпті аумақтан көшірілді. Апат кемі 3 провинцияға зиянын тигізді.