Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Мектеп асханаларына тендер өткізу тоқтауы мүмкін

AstanaTV
06.06.2018ж. 20:00
1757
Мектеп асханаларына тендер өткізу тоқтауы мүмкін

Мектеп асханаларына тендер өткізу тоқтауы мүмкін. "Нұр Отан" партиясы Үкіметке тиісті ұсыныс жодамақ. Бүгін Мемлекет басшысының партия саяси кеңесі отырысында берген тапсырамларын жүзеге асыруға қатысты мәжілісте тыңдау өтті. Ұлт саулығына қатысты партия білім ошақтарындағы тамақтану сапасын көтеру керек дейді. Бүгінде мектеп басшылары жылда асханаға тендер өткізеді. Ол процесс үш айға созылады. Кәсіпкер қалған алты айда ғана толық қуатымен жұмыс істейді. Жылда ауысатын бизнестің асханаға артық қаржы құюға, тамақ сапасын арттыруға құлқы жоқ дейді, партия хатшысы Тамар Дүйсенова. Сондықтан Үкіметке ұсыныс жолдамақ.

Тамара Дүйсенова, "Нұр Отан" партиясының хатшысы:

Үш жылдық бюджет шеңберінде асхананы жалдау мерзімін үш жылға дейін созуды қарастыру керек. Бірақ бизнес Білім және Денсаулық сақтау министрліктері бекіткен тиісті сапа мен стандаттар аясында жұмыс істеуі шарт.