Негізгі / Жаңалықтар / Қызылордада заңсыз мұнай айналымымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шығарылды

Қызылордада заңсыз мұнай айналымымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шығарылды

Қызылордада мұнай ұрлап, оны заңсыз айналымға жіберіп отырған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты соттың үкімі шықты. Айыпталушылар саны 21. Олардың арасында жергілікті кәсіпкерлер, мұнай компаниясының жұмысшылары, күзетшілер, тіпті құқыққорғау органының бұрынғы лауазымды өкілдері бар. Облысық қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық соты топ басшысы Кенжебек Басқараевты 10 жылға бас бостандығынан айырды. Өзгелері 5 жылдан 9 жылға дейін жаза арқалады.

Қаракөз Сәрсенбаева, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі:

Өтенов Берік Саладдинович түпкілікті 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленді. Сотталушы Көшекбаев Ғалымжан Сұлтанбекович түпкілікті 5 жылға  бас бостандығынан айырылды. Сотталушы Байымбетов түпкілікті сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. 21 сотталушының төртеуі шартты түрде сотталды.

Айыпталушылар "ұрлық жасады", "заңсыз тасымалдады","қылмыстық топ құрды", "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген баптармен жазаға тартылып отыр. Сот залында оқылған деректерге сай, қылмыскерлер қара алтынды «Жыланды қыр», «Қоныс» мұнай кен орындары мен Тұзкөл-Құмкөл» мұнай құбырынан шикізат ретінде ұрлаған.