Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елдің жас өнертапқыштары дүниежүзін дүр сілкіндіруі тиіс жобаларын ұсынып жатыр

AstanaTV
08.06.2018ж. 20:00
1988
Елдің жас өнертапқыштары дүниежүзін дүр сілкіндіруі тиіс жобаларын ұсынып жатыр

Болашақ миллионерлер Астанаға жиналды! Олар дүниежүзін дүр сілкіндіруі тиіс өз жобаларын инвесторларға ұсынып жатыр. Республикалық деңгейде осымен екінші рет ұйымдастырылып жатқан «Startup Weekend» бизнес-байқауына «Жасыл экономика», «Білім беру», «Медицина және салауатты өмір салты», «Қызмет көрсету» секілді тақырыптар бойынша 470-ке жуық бизнес-жоба ұсынылған. 16 мен 35 жас аралығындағы 900-ден астам қатысушы - түрлі өнертабыстардың авторы. Алдағы үш күн бойы олар өз жобаларын танымал бизнесмендердің алдарында қорғамақ.

Элина Паули, Павлодар мемлекеттік университетінің 2 курсының  магистранты:

Осы жобаға балаларға арналған ғылыми шоу жобасымен қатысамын. Осы жобада біз балалармен балаларға физика, биология, және химия осындай түрлі формаларда өткіземіз. Оларға өте қызықты, өте ұнайды.  Біз осы түрлі опыттар, эксперименттер көрсетеміз. Балалар қатысады.