Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызылорда да зағиптар өзара сайысқа түсті

AstanaTV
08.06.2018ж. 20:00
3196
Қызылорда да зағиптар өзара сайысқа түсті

Дарын, ақыл, интуиция. Дәл осы қасиеттер бүгін зағип жандар үшін өз өнерін лайықты көрсетуге көмектесті. Қызылордада алғаш рет зағиптар қоғамдық бірлестігі облыс деңгейінде сайыс өткізді. Оған 18 бен 45 жас аралығындағы қырыққа жуық адам қатысты.  Бірі ән айту шеберлігін шыңдаса, енді бірі дойбы мен тоғызқұмалақтағы мықтылығын көрсетуге тырысты. Белгілі өнер және спорт майталмандарынан құрылған қазылар алқасы болса, қатысушылар арасынан ең мықтыны таңдауға қиналды. Сондықтан шара демеушісі сыйлықтарды барлығына табыстауды жөн көрген. Айта кетейік, аймақта көзі көрмейтін 1200-ден астам адам бар.

Ербол Кылышбаев, «Орда» зағиптар қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары:

Жалпы мақсатымыз - осы үйде отырған мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамға араластыру, ортаға араластыру. Қоғамда осылай өнер арқылы, спорт арқылы өз орнын тапсын деген мақсатта ұйымдастырып жатқан жайымыз бар.