Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

ҚХР Төртінші МӨЗ құрылысының жартысын Қытай инвесторлары қаржыландырмақ

AstanaTV
11.06.2018ж. 20:00
1892
ҚХР Төртінші МӨЗ құрылысының жартысын Қытай инвесторлары қаржыландырмақ

Төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысына шамамен 2 млрд доллар жұмсалуы мүмкін. Құрылысқа қытайлық инвесторлар тартылмақ. Бұл туралы Қытайға мемлекеттік сапарын қорытындылап, қазақстандық БАҚ өкілдеріне сұқбат берген Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. Мемлекет басшысының сөзінше қазір қолданыстағы мұнай өңдеу зауыттары алдағы 3-4 жылда ішкі сұранысты толығымен жаба алмайды. Осылайша тағы да жанармай тапшылығы туындауы мүмкін. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз қытайлық инвесторлармен 50%-ды олар, 50%-ды біз аламыз деп келістік. Зауыттың құны 2 млрд долларды құрайды. Қазақстанда мұндай инвестицияларды кім қаржыландырады?

Президенттің айтуынша, ұлттық валютамен сауда-саттық жүргізудің келешегі бар. Қазір доллардың тұрақсыздығынан сауда жасауда қиындықтар бар. Ал ұлттық валютада өзара есеп айырысуға көшу - экономиканың қауіпсіздік аспектілерінің бірі ретінде тиімді болмақ деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қытай мен Қазақстан арасындағы сауданы теңгемен және юаньмен жүргізсек, бізге пайдалы болар еді. Бұл тек біздің ғана мәселеміз емес. Бүкіл өңір, Ресей бұл жұмыстарды жүргізіп келеді және ол оңай да емес. Олар бізден теңгемен, біз олардан юаньмен сатып аламыз. Ол үшін аталған қаражаттың базасын құру қажет. Банктерде мұндай ақша, қандай да бір депозит болуы тиіс.

Жалпы ШЫҰ саммитінде мемлекет басшылары лаңкестердің қақтығыс аймағынан өз елдеріне қайтып, террорлық әрекеттерін жалғастырып жатқандарына алаңдаушылық білдірді. Олар Таяу шығыстағы жағдай шиеленісіп, шетелдік терроршылардан келетін қауіп артты деп отыр. Сондықтан тараптар ақпарат алмасып, қауіпсіздікті күшейту келісіміне келді.