Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Г. Головкиннен тартып алынған белбеуге кімдер таласатыны белгілі болды

AstanaTV
12.06.2018ж. 20:00
2125
Г. Головкиннен тартып алынған белбеуге кімдер таласатыны белгілі болды

Геннадий Головкиннен тартып алынған белбеуге кімдер таласатынын белгілі болды. Халықаралық бокс федерациясы олардың есімдерін жариялады. IBF белбеуіне украиндық Сергей Деревянченко мен америкалық Дэниэл Джейкобс таласуы мүмкін. Федерация боксшылардың промоутерлеріне ұсыныстарын жолдаған. Егер тараптар 11-ші шілдеге дейін келісімге келе алмаса, промоутерлік сауда жүргізіледі. Ол кезде жүлде қорын теңдей бөлісуге тура келеді. Бір қызығы, олардың жатықтырушылары бір. Ол боксшыларының рингте бір біріне қарсы шығуына қарсы. Еске салайық, Головкиннің белбеуі Сергей Деревянченкомен жұдырықтасатыны туралы жазбаша келісім бермегені үшін тартып алынған еді. Дегенмен GGG WBA, WBC және IBO титулдарының иегері, ол орта салмақтағы әлем чемпионы болып қала береді.