Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жемқорлыққа қарсы қызмет соңғы апталарда орын алған лауазымды тұлғалардың парамен ұсталуына қатысты түсініктеме берді

AstanaTV
13.06.2018ж. 20:00
2862
Жемқорлыққа қарсы қызмет соңғы апталарда орын алған лауазымды тұлғалардың парамен ұсталуына қатысты түсініктеме берді

«Кедентранссервис» АҚ  вице-президенті Ғалым Мұқанов пен оның әріптесі Дулат Уваевтың қанша көлемде пара алғаны белгілі болды. Аталған екі азамат 6 маусымда ұсталған еді.

Бүгін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі соңғы апталарда орын алған аты шулы жемқорлық фактілеріне қатысты түсініктеме берді.

Нұрлан Жахин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және СЖҚІҚ агенттігінің ресми өкілі: 

Мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу негізінде мүдделерін қорғану үшін ЖШС өкілінен 17,5 млн теңге сомасында ақша қаражатын алған. Тергеумен «Кедентрансервис» АҚ жіне ЖШС арасында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жалпы сомасы 23 млн 927 мың теңгеге шарт жасасқан. Шын мәнінде жұмыстар жүргізілмеген. 

Сондай-ақ сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашевтің ірі көлемде пара алу бойынша қылмысы әшкереленді. Аталған ведомстводан қылмыстық схема жасап пара алғаны үшін барлығы 6 адам жауапқа тартылып жатыр. Нұрлан Жахин ұлттық бюроның Талдықорғандағы департаментінде орын алған адам өлімі фактісіне де тоқталды. «Қазсу шаруашылығы» мекемесі Алматы филиалының директоры Сеилхан Мұхамадиев пара алды деген күдікпен ұлттық бюро департаментіне жеткізілген кезде, төртінші қабаттағы терезеден секіріп қаза болған еді.

Нұрлан Жахин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және СЖҚІҚ агенттігінің ресми өкілі: 

Кінәлі қызметкерлер департаменттің аға тергеушісі Асқанов және аса маңызды істер бойынша офицер Алдабергенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен босатылды. Бұдан бөлек қарамағындығылардың іс-әрекетіне бақылау болмағынана байланысты департамент басшысы Аликов және оның орынбасарлары Жұрмағанбетов, Қаратай, жедел басқармасының басшысы Мырзахметов, оның орынбасары Машиков және бөлім басшысы Бүкіров лауазымдарынан босатылды. 

Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 477 адамның қылмысын әшкереледі. Арасында республикалық деңгейдегі басшылар 13, облыстық деңгейдегі - 39, қала және аудан бойынша - 71 мемлекеттік қызметкер бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1418 қылмыстық бұзушылықты тіркеді. Олардың 1014-і немесе 72 пайызы жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар. 51 пайызы пара алу, 37 пайызы жымқыру фактілері. Соңғысының жалпы саны 13 пайызға артты. Аса ірі көлемде жасалған қылмыстар 1,5 есе өсті.