Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Ауыр қылмысқа барғандардың бостандығы ғана шектелуі мүмкін

AstanaTV
13.06.2018ж. 20:00
2376
Ауыр қылмысқа барғандардың бостандығы ғана шектелуі мүмкін

Жеңіл және орташа деңгейде қылмыс жасағандар қоғамдық жұмысқа жегіледі. Ал ауыр қылмысқа барғандар түрмеге қамалмай, бостандығы ғана шектелуі мүмкін. Бұл қылмыстық жазаны гумманизациялау бағытында жасалатын шара. Сондай-ақ жаза ретінде қарастырылған айыппұлдар көлемі де азаймақ. 

Бүгін сенатта Ішкі істер органдары қызметіне қатысты заң жобасындағы өзгерістер талқыланды. Бұдан былай облыстық ішкі істер департаменттері Полиция департаменті деп аталмақ. Өйткені ішкі істер органдарының өкілдері  "полицейлердің негізгі қызметі - қылмыспен күресу" дейді. Ал Жергілікті полиция қызметі Полиция департаментімен бірігіп, оның құрамына енбек.

Рашид Жақыпов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Қоғамдық қауіпсіздік пен заңбұзушылықтардың алдын алудағы әкімдердің рөлін сақтау үшін әкімдерге департамент басшысын Ішкі істер министрінің рұқсатымен тағайындау құқы берілмек. Ол президенттік кадрлық резервте тұрған ішкі істер органы қызметкерлерінен іріктеледі.