$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мемлекеттік кірістер комитетінде ауыр қылмыстар екі есеге өскен

AstanaTV
14.06.2018ж. 20:00
2545
Мемлекеттік кірістер комитетінде ауыр қылмыстар екі есеге өскен

Дәл сол Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінде ауыр қылмыстар екі есеге өскен. Бұл өткен 5 ай бойынша экономикалық зерттеу қызметінің қорытындысы жарияланған баспасөз мәслихатында белгілі болды. Комитеттің профикактикалық жұмыс және бақылау басқармасы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Ерден Жұма хабарлағандай, ауыр қылмыстар 22 пайыздан 52 пайызға дейін артқан. Немесе 405 қылмыстық істен 828 іске көбейген. Салық төлеуден жалатыру фактілері бойынша да қылмыстар саны екі есеге өскен.

Ерден Жұма, ҚР ҚМ МКК профикалтикалық жұмыс және бақылау басқармасы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы:

Қылмыстық істер бойынша өтелген залал көлемі 35 пайыздан 77 пайызғы дейін өсті. 28 млрд теңге анықталған залал ретінде. Оның 12,8 млрд теңгесі өтеліп және соттың рұқсатымен санкциясы негізігде 9 млрд теңгенің мүлкіне тыйым салынды. Салық төлеуден жалтару фактілері бойынша ауыр және аса ауыр қылмыстар саны екі есеге артып отыр. 55 істен 110 іске дейін.