Орамал таққан оқушыларды қашықтықтан оқыту қаншалықты тиімді? Қазір ақтөбелік мұғалімдер арасында бұл тақырып кең талқыланып жатыр. Жуырда Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаев Білім және ғылым министрлігінде үйден оқыту, қашықтықтан білім беру және арнайы мектеп ашу мәселелері қаралып жатқанын айтқан.
Ұстаздар: «Жаңа ереже қабылданар болса, ендігі жерде тек денсаулығына байланысты ғана емес, діни және басқа да жеке көзқарастарын алға тартып, үйден оқитындар көбеюі әбден мүмкін», - деп алаңдап отыр. Айта кетелік, қазір Ақтөбе қаласында білім ордасына басына орамал тағып келген 6 оқушы бар. Оның екеуінің келесі сыныпқа көшпейтіні белгілі болып отыр.
Гүлназ Мырзағалиева, Ақтөбе қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі:
Бұл жерде мәселе мектеп формасына қатысты болғандықтан, өзімнің жеке пікірім, қашықтықтан оқыту нормативтік актілерге жатпайды. Қашықтықтан тек экстренный және үйден оқытылатын және науқастануына байланысты деп көрсетілген. Егер министрлік тарапынан заңдастырылатын болса, білім бөлімдері, білім беру ұйымдары ол нормативтік актілерді орындауға дайын.
Бұл мәселе жөнінде мамандар мен мұғаімдер не айтады? Жаңа жүйе қашан қабылдануы мүмкін? Бұл тақырыпқа ертең, сағат 20:00-де, «Біздің уақыт» бағдарламасында кеңірек тоқталатын боламыз.
Жақсыбек КЕМАЛ