$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Сайлауалды науқан, үгіт-насихат

AstanaTV
27.02.2016ж. 20:00
2758
Сайлауалды науқан, үгіт-насихат

Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко Қазақстан халқы ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаттығына кандидат болып ұсынылды. Астанада ассамблея Кеңесінің отырысы өткен, сонда. Ол Ассамблея Кеңесінің мүшесі екен.

 Тізімде 5-шақырылымдағы Мәжілістің 3 депутаты бар: Роман Ким, Ахмед Мурадов  және Юрий Тимощенко. Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын сайлауы 20-наурызда. Ассамблея мүшелері өз атынан түсетін депутаттарын 21-наурызда сайлайды. 107 депутаттың тоғызы сол, Ассамблея атынан. Ал партияларға берілетін 98 орынды алғысы келетін алты партия сайлауалды үгіт-насихаттарын жүргізіп жатыр.

Елімізде тері-жүн өңдейтін жалғыз ғана кәсіпорын бар. Ол Тараз қаласында орналасқан. Бүгін «Ақ жол» партиясы сол мекемеге арнайы барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.  

Болат Момышев,  «Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалының төрағасы:

Партия жасақтаған сайлауалды бағдарламамызда кәсіпкерлерді барынша жан-жақты қолдау басты мақсат екенін айтқым келеді. Бірақ алдыңа ас қойдым, екі қолды бос салдым демей, әрбір азамат өз ісіне өзі жаны ашуы қажет деп есептеймін. Бәсекеге қабілеттілігін арттырып, тұтынушы сұранысын қаперге алу жағын керек деп ойлаймын. 

«Ауыл» партиясының Республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Рүстем Жоламан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының мерзімінен бұрын  Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын байқау жөніндегі миссиясының жетекшісі Борис Фрлецпен кездесті. 

Рүстем Жоламан, «Ауыл» ХДПП Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі:

Халықаралық байқаушылар миссиясының жетекшісі Ауыл партиясының үгіт-насихат жұмыстары туралы бірқатар сұрақ қойды. Оны сайлау барысын реттейтін заңға қатысты біздің пікіріміз де қызықтырып отыр. Үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.  «Ауыл» партиясы барлық қажетті кадрлық, материалдық және қаржылық ресурстарға ие және саяси додаға лайықты деңгейде қатысуға дайын.  

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Республикалық сайлауалды штабының  үгіт-насихатшылары да Жамбыл облысына табан тіреді.  Тараздағы «Та-Мак» ЖШС жұмыскерлерімен кездескен коммунистер 

отандық тауарларды молынан өндірудің  маңыздылығына тоқталды. 

Жамбыл Ахметбеков, ҚКХП ОК Хатшысы:

Біздің отандық өнімдеріміз қазіргі кезде Еуразиялық одаққа және көршілес Қытай мемлекетіне саудалануда. Мемлекетіміздің экокномикасын жоғары деңгейде көтеруге бұл септігін тигізеді деп санаймыз.  Дүкен сөрелерінде тұрған шетелдік өнімдердің орнына алмастырып бұл отандық өнімдердің кең көлемде халық арасында таралуына септігін тигіземіз.

Үгіт-насихат науқанын ел аймақтарында  Жалпы ұлттық социал демократиялық партиясы да  бастап кетті. Партия мүшелері өздерінің сайлауалды тұғырнамаларында негізгі назарды  әлеуметтік сала, экономика, ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі секілді маңызды мәселерге аударған. 

Ербол  Тәжіғұлов, ЖСДП Ақтөбе облыстық филалы жастар қанатының жетекшісі:

Сайлауалды науқан басталып кеткенге байланысты біз халықпен белсенді жұмыс жасау үстіндеміз. Яғни, бізге келген құралдардың барлығын, үгіт насихат материалдардың барлығын таратып, газетіміз бар, листовкаларымыз бар, плкаттарымыз бар, солардың барлығы белсенді таратып, /склейка/аудандарға да шығып жатырмыз.

 «Бірлік» партиясының белсенділері флешмоб өткізіп, кітап оқуды дәріптеді. Сондай-ақ, Астанадағы кітапханалардың бірінде жастармен кездесу өткізіп, саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасында білім мен ғылымға, өскелең ұрпақ тәрбиесіне жіті назар аударылғанын айтты.

Мұрат Қожамқұлов, «Бірлік» партиясының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер: «Бірлік» саяси партиясы өзінің сайлауалды бағдарламаларында көптеген маңызды мәселелерді көтеріп отыр.  Соның ішінде басты маңыздыларының бірі бұл рухани, мәдени құндылықтарды жаңғырту. Сол себептен де біз мәдениет, руханият ошақтарының жаңғыртуына мән береміз.