Тұрақты баспанасы жоқтар жататын
үйде, арзан мотельдерде 2 жыл өмір сүрген Ричард Дженкинс есімді америкалық
бозбала әлемдегі мықты оқу орындарының бірі – Гарвард университетіне түскен! Ал
үйсіз-күйсіз жүргендері -анасының қарызы үшін кредиторлар үйлерін тартып
алған... Негізі, Ричардты бала күнінде сыныптастары «Гарвард» дейтін болған,
қолын көтеріп, сабақ айтқыш болғасын... Мүмкіндіктер мекені - АҚШ-ң президенті
Д.Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен Сингапурда ақыры кездесті! Бір
жарты жыл бұрын ғана бір-біріне «есі ауысқан шал», «зымыран адам» деген олар
осылайша, «тарих осылай жасалады» деп айдар таққан фотосуреттерге түсті. Үлкен
саясаттың «түлкі бұлаң» әрекеттерден тұратынын кезекті рет дәлелдеп. Дегенмен
«түлкі бұлаңға» салатындарын былай қойсақ, маңыздысы, Солтүстік Корея халқының
ашқұрсақ өмірі аяқталады-ау, деген үміт пайда болды. bbc.russian порталының
материалдарында жұмыс жоқтықтан ер кісілердің ескі қайықпен теңізге шығатыны,
жағар майы таусылып, балықшылардың ажал құшатын кездері жиі болатыны жазылады.
Себебі жанар-жағар май өте қымбат және ең жаманы, бұл елге теңіз өнімдерін
экспорттауға тыйым салынған. Тыйым барлық дерлік салаға салынған – кәсіпорындар
жабылып жатады, істеп тұрғандарында берілетін жалақы екі-үш күн жейтін күрішке
ғана жетеді. Кейбір есептерге жүгінсек, Солтүстік Кореяның 100 мыңдай азаматы
шетелдерде қара жұмыс істейді. Олардың табысының айтарлықтай бөлігін үкімет алып
қояды, бірақ бәрібір, үйіне жіберетіндері өз елінде армандай да алмайтын ақша.
Алайда БҰҰ өткен желтоқсандағы санкцияларына сай, шет мемлекеттерде нәпақа
тауып жүрген Солтүстік Корея азаматтары 2 жыл ішінде елдеріне қайтулары тиіс.
Міне, өздерінің сөзімен айтқанда «шал» мен «зымыранның» кездесуінен кейін нақты
келісімдер жасалып, олар орындалса, Солтүстік Кореяда 1995-99 жылдары болған
аштық қайталанбайды деуге болады. Сол жылдары әр түрлі есеп бойынша, бірнеше
жүз мыңнан 1 млнға дейін адам өлген...