Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Тобыл өңірінде «Жас Отан» жастар қанатының 21 бөлімшесі жұмыс істейді

AstanaTV
18.06.2018ж. 20:00
2259
Тобыл өңірінде «Жас Отан» жастар қанатының 21 бөлімшесі жұмыс істейді

Тобыл өңірінің жастары "Нұр Отан" партиясы жобаларының толық жүзеге асуына айрықша атсалысып келеді. Аймақта «Жас Отан» жастар қанатының алпысқа жуық бастауыш ұйымы бар.  Соңғы екі жылда екі жарым мыңдай іс-шараға бастамашы болып, екі жүзден астам форум өткен. Қостанайлық жастар «Рухани жаңғыру» мен «Бес әлеуметтік бастамаға» да үлес қосуда. 

Жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев жергілікті билікпен бірлесе отырып коворкинг орталығын ашу жөнінде келісім жасалғанын жеткізді. Ал дөңгелек үстел басына жиналған жастар өзара пікір алмасты.Олар келешекте кітапханалардың рухани білім ошағына айналарына сенімді.

Данияр Сүндетбаев, «Жас Отан» ЖҚ төрағасы:

Қостанай облысы әкімдігі мен «Жас Отан» бірігіп жасаған, партияның көмегімен кітапханалардың модернизациялау жобасы бар. Қазіргі кітапхана жастарды тартатын үлкен рухани ошақ болуы керек. Және жаздың аяғына дейін жобаны жүзеге асыру жоспарда бар.Осы облыстық кітапхананы жастарға арналған үлкен коворкингке айналдыру.