Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Оңтүстік Қазақстанда мектептегі білім сынағына қатысты шу шықты

AstanaTV
18.06.2018ж. 20:00
2141
Оңтүстік Қазақстанда мектептегі білім сынағына қатысты шу шықты

Оңтүстік Қазақстанда мектептегі білім сынағына қатысты шу шықты. Емтихан кезінде түлектердің білім көрсеткішін төмендетпеу үшін білім ошағының басшылары құйтырқы әрекеттерге баратын көрінеді. Бәйдібек ауданы Қошқар ата ауылының тұрғыны Жәмилә Сәлімбаева арнамызға осылай деп шағымданды. Кеңсай мектебінде оқитын қызымды мұғалімдер сынаққа кіргізбей қойды,- дейді ашынған ана. Айтуынша, 9 сынып оқушыларының үлгерімін сырттай бақылауға арналған тест өткізуге ауданнан арнайы комиссия келіпті. Емтиханға оқушылар түгел қатысқан. Тек сабағы нашар деген сылтаумен қызым Назерке Қанатқызын тестке жібермеді,- дейді ол.

Сол тест қабылдау уақытында менің қызымның орнына басқа қызды отырғызған. Менің қызымды сыртқа шығарып жіберген. Мені мұны білмеймін, қызым кеш айтады маған. Неге менің қызымның, оқушы отырғанша, өзі отырмайды. Мейлі екі, үш алса да өзі қатысып, алуы керек еді.

Осылай деген ана "ел қатарлы емтихан тапсыра алмай, баламның құқығы тапталды" дегенді алға тартады. Бұған әлеуметтік жағдайымыздың жоқтығы да себеп дейді. Күйеуі үш жыл бұрын көз жұмған жесір әйел айына алатын 64 мың теңге жәрдемақымен күн көріп отыр. Осы дауға қатысты мектеп директоры Бауыржан Әділаевқа хабарласқан едік. Телефоны сөндірулі болды. Ал орынбасары сынақ төңірегіндегі әңгімені теріске шығарды.

Нұрболат Сұлтан, мектеп директорының орынбасары:

Оқушы жетістігін сырттай бағалау сәуір айында өткен. Бұған ешқандай ата-анадан бізге арыз-шағым түскен емес. ешқандай заңбұзушылықтар болмаған. Жалпы ОЖС-ны министрлік өкілі келіп өткізеді, бәрі заңды түрде өткен. Бізге ешқандай ата-анадан арыз-шағымдар жоқ. -қыздың өзі сынаққа кірген ба?-қыздың өзі сынаққа кірген және тапсырып шыққан. жаңағы министрліктің келген өкілі тек қана құжаттарымен, ЖСНдерімен тексеріп өзі кіргізеді. Біз ешқандай оған қатыса алмаймыз.