Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Аргентина құрамасы плей-офф кезеңіне шықты

AstanaTV
27.06.2018ж. 20:00
2018
Аргентина құрамасы плей-офф кезеңіне шықты

Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының барысында бүгін тағы 2 құраманың тағдыры шешіледі. Швеция мен Германия қоржынында 3 ұпайдан бар. Кубокқа қол жеткізу үшін оларға жеңіс керек. Швециялықтарға Мексикамен ойнау қиындық туғызуы мүмкін. Ал күні кеше өткен матч драмаға толы болды. Мундиаль басында сәтсіздікке ұшыраған Аргентина жанкүйерлерінің жүйкесін әбден жұқартты. Әсіресе Диего Марадонаның қан қысымы көтеріліп дәрігерлер көмегіне жүгінді. Аргентиналық фанаттар алдағы бірнеше күн бойы мазасыз күйде болары сөзсіз. 1/8 финалдың алғашқы матчында Франция құрамасымен кездеседі. Сарапшылардың болжауынша, бұл ойын осы жолғы әлем чемпионатының естен кетпес оқиғасына айналмақ.