Шри-Ланкада толассыз жауған
жаңбырдың соңы су тасқыны мен лай көшкініне ұласып, 82 адам қаза тапты. 200-ден
астам жанұя іс-түссіз жоғалып кеткен.
Қазіргі күні құтқарушылар
қирандылардың астынан 180 адамды аман алып шықты. Құтқару жұмыстарына 300
жауынгер жұмылдырылған. Бір мыңнан аса адам баспанасыз қалған. Толасссыз жауған
жаңбырдың салдарынан 200 мыңдай халық үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Лай
көшкінінің салдарынан елдегі ірі қалалардың бірі Коломбодан 45 шақырым
қашықтықтағы 3 ауыл түгелімен қираған. Енді жергілікті билік ірі шаһарға қауіп
төне ме деп қауіптенеді. Өйткені, синоптиктардың болжамы бойынша, жауын-шашын
тағы бір аптаға жалғасуы мүмкін.
Мохаммед Имтияз, тұрғын:
Менің баспанам түгелімен лай
астында қалды. Дүкенімді де су басты. Ішінде құны 62 миллион рупидің тауары
бүлінді. Енді оны ешкім алмайды. Не істерімді білмеймін.
Берік ХАСЕНОВ