Бүгін
Алматыда халық жазушысы, сөз сүлейі Қабдеш Жұмаділовтің 80 жасқа толуына орай, әдеби кеш өтті. Тұтас ғұмырын қазақ әдебиетінің кемелденуіне арнаған жазушы
кеші мерейтойға арналған құттықтау хаттармен ашылды.
Қабдеш Жұмаділов - Шыңжаң
өлкесінің тумасы. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ
мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Әдебиетке
қадамы поэзиядан басталады. Көкейіндегі толғауларын өлең жолдарына сыйдыра
алмаған қаламгер кейіннен прозаға ойысады. Оның қаламынан туған шығармалардың
негізі тарихи тақырыпқа арналған. Екі кітаптан тұратын «Соңғы көш», «Атамекен», «Тағдыр», «Дарабоз» романдары сөзіміздің айқын дәлелі. Жекелеген әңгіме,
хикаяттары қырғыз, өзбек, ұйғыр, украин, беларусь, грузин тілдерінде жарық
көрді. Отызға жуық кітаптың авторы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет
Грамотасымен марапатталып, 1998 жылы «Қазақстанның Халық жазушысы» деген
лайықты атаққа ие болды.
Айында
бір әңгіме, жылында бір роман жазады. Сондай өнімді жазушы. Шығармашылығының
құдыреті халықтығында, сонан кейін көркемдігінде. Өйткені ол көп оқиды. Мәселен, шетел әдебиетін, сонан кейін қазақ
әдебиетін түгел оқып, меңгеріп, солардан артық жазуға тырысатын жазушы. Ол шығармаларынан
көрініп тұрады.
Софы
Сматаев, жазушы:
Әр
романы - бір-бір оқиға. Әр романы - қазақты селт еткізетін жақсы туындылар. Енді
біз бірі-бірімізден қызғанып айта алмаймыз ғой. Бірақ соның «шедеврі» деп
айтуға болады. Ол - ұлтының үні, жұртының тілі болып сөйлейтін жазушы.
Айгүл ЕРМАХАН