$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Шымкент базарындағы өрт электр желілерінің тұйықталуынан болған

AstanaTV
23.05.2016ж. 20:00
1262
Шымкент базарындағы өрт электр желілерінің тұйықталуынан болған

Шымкенттегі «Исатай» базарының отқа орануына электр желілерінің қысқа тұйықталуы себеп. Бүгін төтенше жағдай департаментінің өкілдері осындай қорытындыны жариялады.

Бақытжан Запаров, ОҚО ТЖД  мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы:

Материалдық шығын анықталуда. Өрттің себебі департаменттің арнайы өртке қарсы зертханасымен қорытындысы бойынша электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болып отыр. Өрттен зардап шеккендер, жарақат алған адамдар жоқ.

Шағын базарда тілсіз жау 21 мамырда түнгі уақытта болды. Жалынның күштілігі сонша, әп-сәтте жалпы аумағы 700 шаршы метрдей болатын базар түгелімен отқа оранды. Айта кетейік, сауда орнында 47 кәсіпкер нәпақасын айырып келген. Мұнда негізінен азық-түлік сатылатын. Киім тігу орыны мен асханадан да түк қалмады. Төтенше жағдай кезінде сығымдалған газ баллоны да жарылған. Салдарынан  көршілес орналасқан дәмхана мен бірқатар кәсіпкерлік нысандарына да шығын келді. Өрттің күш алғаны соншалық, төтенше жағдай мамандары тілсіз жаумен бір жарым сағат арпалысқан. 

-На 15 млн товара только. -А там продукты были у Вас? -У меня химия была, бытовая химия.

-22.-30 да біз кеттік, бәрі нормально болды. Анау қыз 23.30-ға дейін отырып кеткен. Жарты сағаттан соң пожар болды. Шақырды бәрімізді.


Өрттен келген шығынды қазір арнайы құрылған комиссия анықтап жатыр. Басшылықтың  бір үміті сақтандыру қорында. Сауда орнының директоры өткен күзде ғана «Исатай» кіші базарын он жылға сақтандырғанын айтып отыр. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ