$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елде рейстердің 14 пайызы уақытында ұшпайды

AstanaTV
22.06.2018ж. 20:00
2712
Елде рейстердің 14 пайызы уақытында ұшпайды

Қазақстанда әуе рейстерінің 14 пайызы уақытылы ұшпайды. Мәселен, «SCAT» компаниясына қарасты 16 пайыздан астам рейс кешіккен. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің төрағасы айтты. Жыл басынан бері 8 мыңдай рейсті орындаған. Оның мыңнан астамында ұшақ уақытылы ұшпаған. Әуе кемелерінің кешігіп ұшуы техникалық ауытқуларға байланысты. Ауа райының қолайсыздығы, жолаушылармен әр түрлі проблемалардың орын алуы да әсер етпей қоймайды.

Талғат Ластаев, ҚР ИДМ азаматтық авиация комитетінің төрағасы:

«SCAT» әуе компаниясының атына  көптеген хабарлар келіп түсті. Жолаушылар негізінен рейстердің кешігуне және бұл жайлы ескертудің кеш хабарланатынына наразы. 

Жалпы  өткен бес айда еліміздегі әуе компаниялары 33,5 мың рейс орындаған. Оның 86% -ында ұшақтар уақытылы ұшқан. Былтырғымен салыстырғанда рейстердің ұшу тұрақтылығы төмендеп, 89,5% құрады. Есесіне, тұрақты рейстер саны 15% -ға артқан.