Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

1 шілдеден бастап базалық зейнетақы тағайындауда еңбек өтілі ескеріледі

AstanaTV
25.06.2018ж. 20:00
2684
1 шілдеден бастап базалық зейнетақы тағайындауда еңбек өтілі ескеріледі

1 шілдеден бастап базалық зейнетақы тағайындауда еңбек өтілі ескеріледі. Төлемдегі өзгерістер жайлы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтты. Бұған дейін базалық зейнетақыны есептегенде еңбек өтілі ескерілмейтін еді. Барлығына бірдей 15 274 теңге төленді. Ал бұдын былай 1998 жылдың бірінші қаңтарынан басталған еңбек өтілі есепке алынады. Егер азамат жинақтық жүйесіне қатысса, зейнетақы салымдарын жинаған мерзімі де негізге алынады. Қажетті ақпаратты білу үшін мемлекеттік корпорация немесе e.gov электронды порталына жүгінуге болады. Жаңа жүйе бойынша зейнеткерлерге қосымша құжат тапсырудың қажеті жоқ, деп атап өтті вице-министр.

Светлана Жақыпова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

Өтілі 10 жылдан аз немесе мүлдем болмаған азаматтарға базалық зейнетақының ең төменгі күнкөріс деңгейінен 54 пайыз белгіленетін болады. Ал 10 жылдан кейін әрбір жыл үшін базалық зейнетақы 2 пайызға ұлғаяды. Базалық зейнетақаның ең төменгі күн көріс деңгейінің жоғары мөлшері 100 пайыз немесе 28 284 теңгені еңбек өтілі 33 жыл және одан көп болған азаматтар алатын болады.