Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Астана қаласы тұрмыстық қалдықты сұрыптап тастау тәртібіне көшеді

AstanaTV
25.06.2018ж. 20:00
6470
Астана қаласы тұрмыстық қалдықты сұрыптап тастау тәртібіне көшеді

Астана қаласы тұрмыстық қалдықты сұрыптап тастау тәртібіне толықтай көшеді. Қалада қайта өңделетін қоқыстарға арналған контейнерлерді орнату басталды. Әкімдіктің хабарлауынша, жыл сайын Астанада 300 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналады екен. Елорда да қоқысты қайта өндеу жобасы қалай жүзеге асырылады? Диана Сапарқызы біліп қайтты.

Астанадан күн сайын мың тоннаға жуық қоқыс шығарылады. Оның тек 10 пайызы қайта өнделеді. Мамандар, келешекте мынадай сары контейнерлердің арқасында қалдықтарды қайта өндеу көлемі 45 пайызға жетеді деп отыр. Жыл соңына дейін Астанада бұндай контейнерлердің 6 мыңға жуығы қойылады деп жоспарланған. 

Жомарт Рақымжан, «ӨКМ операторы» ЖШС баспасөз хатшысы:

Сары контенейрлерге не салынады деген сұраққа келетін болсақ, бұған өнделуге жататын шикізаттар, яғни пластик, шыны, қағаз қайта өндеуге келетін тұрмыстық қалдықтардың барлығын соған саламыз.

Ал жасыл түсті жәшіктерге азық-түлік қалдықтары салынбақ. Қоқыс сары жәшікке түскеннен кейін, қоқысты қайта өндеу зауытына жөнелтіледі. Бұл- Астанадағы қалдық өңдейтін жалғыз ғана зауыт. Мұнда қағаз және пластикті өндейтін 2 цех бар. Қос цехта қоқыстан жаңа өнім шығарылады. Қалдықты дәл осылай сұрыптап жинау жүйесі - өңдеу көлемін 25 пайызға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл әзірге пилоттық жоба. Оған 1 млрд 700 млн теңге қаражат бөлінген.

Айнұр Солтанғұлова, Астана қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

Бұл жоба қоқыс полигонына түсетін қалдық көлемі азайтады. Сондай-ақ, табиғи ресусртарды үнемдеп, еліміздегі қайта өңдеу саласын дамытады. Елорда да қалдықтарды сұрыптаудағы  насихаттау жұмыстары халлықа жүргізілетін болады. Шахар көшелеріне орнатылған бұл сары жәшіктер Ресейде жасалған. Әзірге елорданың төрт тұрғын үй кешеніне 200 контейнер қойылды. Одан әрі бұл жоба қаланың басқа да аудандарын қамтиды деп жоспарланған. Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, шахарда екі жарым мыңға тарта алаң күзге дейін сары жәшіктермен толығады.