$488.91 €532.62 ₽5
×

Атырау көшелері арқылы алып жүк көлігі өтті

AstanaTV
23.05.2016ж. 20:00
1897
Атырау көшелері арқылы алып жүк көлігі өтті

Атырау көшелерімен алып жүкті алып өтті. Атырау мұнай өңдеу зауытының мұнайды тереңдетіп өңдеу жобасына арналған алып қондырғыны «Атыраумұнаймаш» компаниясы жасап шығарған. Бұл зымыран пішінді екі қондырғы «Катализатор Хопер» деп аталады.  Әрқайсысының салмағы 220 тонна, ұзындығы 27 метр, биіктігі 6 метр.

Мұндай күрделі технологиялық қондырғы елімізде тұңғыш рет құрастырылып отыр. Оны зауытқа жеткізу бірнеше сағатқа созылды. Көшелердің қозғалысы тоқтатылып, 30 шақты электр желі мен қабелді өшіріп, тоқтатуға тура келген. Тасымалдаушы жүк көлігі дөңгелегінің салмағы стандартты газелдерден аспайтындықтан, асфальтқа зиян келмейді,- дейді мамандар. Болашақта бұдан да зор қондырғы жасау жоспарланып отыр.

Александр Донсков, «Атыраумұнаймаш» компаниясының директоры:

Осы зауыттың тапсырысы бойынша салмағы 515 тонналық тағы бір қондырғы құрастырудамыз. Оның биіктігі 8, ұзындығы 53 метр болады. Бұл Қазақстанның машина жасау саласындағы үлкен жетістік. Бұрын мұнай жобаларына керекті қондырғылар шетелден алдырылатын.

Азамат Ізтілеуов, көлік компаниясының менеджері:

Бұл жұмысқа дайындық кешенді түрде  өтті. Себебі жолда электр желілері бар, 30 шақты кабель болды, соның көбін өшіріп, көтеруге мәжбүр болдық. Жалпы бұл жұмыс қиын емес және асфальт  бетіне ешқандай зақым әкелмейді. 

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ