Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Астананың 20 жылдық мерейтойына орай веложарыс өтті

AstanaTV
26.06.2018ж. 20:00
2441
Астананың  20 жылдық мерейтойына орай веложарыс өтті

Астананың 20 жылдық мерейтойына орай веложарыс өтті. Бүгін елордалық жасыл белдеудің аумағында спортшылар мен велосипедшілер 19 шақырымдық жолды бағындырды. Жарысқа 13 өңірден келген спортшылар мен №6 астаналық спорт мектебінің оқушылары қатысты. Байқау «Астана кубогы» республикалық веложарысы аясында өтті.  Елордалық спортшылар бұл жер жаттығуға қолайлы болғандықтан, жиі келуді жоспарлап отыр.

Данияр Қасымов, №6 мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі:

Бұл жердің ағаштары көп, ауасы таза, қаладан алыс, ешкім кедері келтірмейді. Адамдар аз. Сондықтан маған қатты ұнады.

Жол желісі өткен жылы пайдалануға берілген болатын. Ал, биыл  қала билігі велосипед жолын кеңейтіп, ұзартқан. Әкімдік келешекте бұл жерді футбол, баскетбол және теннис алаңдарымен толықтыруды жоспарлап отыр.

Юсуп Келигов, «Астана орманы» ЖШС басқарушы директоры:

Бұл жерде балаларға және экстремалдарға арналған алаңдар бой көтереді. Сондай-ақ, алты шақырымдық кросс-кантри болады. Бізде адреналин алуды ұнататын жастар баршылық.